Қай өңірлерде жұмыссыздар көп

1029

2021 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздардың үлесі Алматы мен Шымкент қалалары, Түркістан облысында жоғары болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қай өңірлерде жұмыссыздар көп

Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, былтыр жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі (республикалық мәннен жоғары) Алматы қаласында (5,2%), Түркістан облысында (5,1%) және Шымкент қаласында (5%) байқалған. 

Жұмыссыздықтың ең төменгі көрсеткіштері Қарағанды облысында (4,5%) және Нұр-Сұлтан қаласында (4,6%) тіркелген.

Сондай-ақ жалақы бойынша үздік үштікке Атырау (айына 412 мың теңге) және Маңғыстау (349 мың теңге) облыстары, Нұр-Сұлтан қаласы (341 мың теңге) және Алматы қаласы (293 мың теңге) енді, ал басқа өңірлерінде орташа айлық жалақы жалпы республикалық көрсеткішке жетпейді. Ондағы жалақы – 187 мың теңгеден 240 мың теңге аралығында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу