Алматыда 26 қазан күні өтетін "Қайрат" – "Астана" футбол матчы кезінде қала орталығындағы көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Полицияның мәліметінше, 12:00–18:00 аралығында Сәтпаев көшесі Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін екі бағытта да (шығыс-батыс) жабылады.
"Полиция Алматы тұрғындары мен қонақтарын қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауға шақырады", – делінген хабарламада.
Мұндай шектеу орталық стадионда өтетін матч кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу