Қазақстанның кеншілері жыл сайын тамыз айының соңғы жексенбісінде өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Биыл Екібастұз қаласында айтулы мейрам екі күн бойы тойланады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
"Кеншілер күні – екібастұздықтар үшін ең сүйікті мереке, - деді өз сөзінде қала әкімі Қайрат Нүкенов. – Екібастұз – қазақстандық көмір өндірісінің символы. Біздің кеншілер шығаратын көмір арқылы Қазақстанның ғана емес, жақын және алыс шетелдегі электр станциялары мен кәсіпорындары жұмыс істейді. Сондықтан осымен 70-рет батылдық пен сабырлықты, үлкен білімді талап ететін кенші мамандығымен өз өмірін байланыстырған адамдарға құрмет көрсетілді".
Құттықтау сөзінен кейін қала басшысы Екібастұздың үздік кеншілеріне наградалар табыс етті.
Республикадағы ең ірі "Богатырь" және "Шығыс" разрезінің жұмыскерлеріне облыс әкімінің грамоталары мен алғыс хаттары табысталды. Олардың ішінде екі адам "Құрметті кенші" төсбелгісіне ие болды.