Қайрат Нұртастың әйелі гүл бизнесімен айналыспақ

1177

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдукәрімова гүл дүкенін ашты, деп хабарлайды Inbusiness.kz. 

Қайрат Нұртастың әйелі гүл бизнесімен айналыспақ Фото: Instagram парақша

Жұлдыз "Робот әйел" фильміне түскеннен кейін бизнеспен айналысуға бел буған сыңайлы. Гүл дүкенінің ашылуында Қазақстанның көптеген танымал тұлғалары басын қосты. Оның ішінде журналист әрі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Дайрабаева, журналист Майра Төлепберген бар. 

"Гүлдер салонын аштым. Жаратқаннан кейінгі халықтың, яғни сіздердің ыстық ықыластарыңыз бен қолдауларыңызға бөленіп, біраз белестерді бағындырудамын, шүкір! Гүл табиғаттың бір бөлігі. Сүйсіндіре отырып, түрлі сезімдерге бөлейді. Ал әйел адамы сырт көзге қанша қайсар, жаужүрек көрінгенімен, жаны мен табиғаты жауқазындай нәзік, талдырмаш келеді", - деп жазды Жұлдыз өзінің инстаграм парақшасына. 

Айта кетелік, былтыр наурызда Алматыда Қайрат Нұртастың інісі Заңғардың үйлену тойы өткен болатын. Арада біраз уақыт өткенде Заңғар Нұртас пен келіншегі Жібектің ажырасып кеткені мәлім болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу