Қайрат Нұртастың Алакөлдегі концертіне байланысты тексеру жұмыстары басталды

2060

Концерт барысында әншінің өзі түсірген видеода адамның көп жиналып қалғанын көруге болады. Әншінің өзі концертті instagram парақшасына жариялаған. Мұны көрген облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаменттің мамандары тексеру жұмыстарын бастап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қайрат Нұртастың Алакөлдегі концертіне байланысты тексеру жұмыстары басталды

Әншінің концертіне қатысқан адамдардың әлеуметтік қашықтықты да, маска режимін де сақтамағанын көруге болады. 

"Алакөл рақмет!" - деп жазба қалдырды әншінің өзі.

Қайрат Нұртастың бұл видеосына қатысты пікір екіге жарылды. Бірі әншіні қолдаса, екіншісі даттап әлек. Айтысқан жұрттың бірі Алакөлде санитарлық талаптардың сақталмағанын алға тартса, екіншісі "Алакөлде коронавирус жоқ" деп пікір қалдыруда.
Концерт Алакөлдің Шығыс Қазақстан жағында болыпты. ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық департаменттің мамандары бұл жайттан хабардар екенін айтады.

"Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуына байланысты іс материалдары полиция органдарына түскен жоқ. Қазіргі уақытта аталмыш іс бойынша Үржар ауданының санитарлық-эпидемологиялық басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Келіп түскен материалар заңнамада бекітілген мерзімде қаралады", - деп хабарлады департаменттен.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу