"Қайрат" – "Реал Мадрид" ойынының билеттері 20 қыркүйекте сатылымға шығады

212

Қос команданың кездесуі 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.

"Қайрат" – "Реал Мадрид" ойынының билеттері 20 қыркүйекте сатылымға шығады Фото: planetarealmadrid

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қолымыздағы ақпарат бойынша, билет сату ойыннан 10 күн бұрын басталады. Яғни, егер ойын 30 қыркүйекте өтетін болса, онда сатылым шамамен 20 қыркүйекте басталады", – деді Жарасбаев.

Вице-министр ойын билеті қанша тұратынын білмейтінін, "Қайрат" клубы бағаны сұранысқа сүйеніп белгілейтінін айтты. Айтуынша, билеттерді "Қайрат" клубының сайты немесе оның әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарынан алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу