Соңғы ақпаратқа сай, сауда осы жылдың 5 ақпанына белгіленген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Айта кетейік, бұрын Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған "Байсат" көтерме-бөлшек сауда орталығы" ЖШС-дегі үлес электрондық аукционға үшінші рет шығарылып отыр.
Лоттың бастапқы бағасы – 24,77 миллиард теңге, аталған сома 2025 жылдың желтоқсан айындағы алдыңғы саудадан шамамен 2 миллиард теңгеге төмен. Кепілдік жарна мөлшері – 2,47 миллиард теңге. Аукцион басталғанға 5 минут қалғанда өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Сонымен қатар, саудада бір ғана қатысушыға сату рұқсат етілген.
Базардың үлесі 2025 жылы қараша және желтоқсан айларында сатылымға қойылды. Десе де, өтінімдердің болмауына байланысты аукцион өткізілмеді.
Сотқа дейінгі тергеуде Қайрат Сатыбалды базардың көп бөлігін мемлекетке ерікті түрде тапсырған болатын. Нысан 2024 жылдың қазан айында Қайтарылған активтерді басқару компаниясының балансына өтті.