Қайтарылған активтерден Қарағанды облысының су құбыры желілерін салуға қаражат бөлінді

174

Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражат көлемі – 5,1 млрд теңге, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайтарылған активтерден Қарағанды облысының су құбыры желілерін салуға қаражат бөлінді Фото: canva

Қайтарылған активтер есебінен Қарағанды облысының су құбыры желілерін салуға және реконструкциялауға қаражат бөлінді.

Жобалар облыстың бірнеше елді мекенінде – Қарағанды қаласында, Тихоновка, Садовое, Колхозное, Ақтерек, Әлихан ауылдарында, сондай-ақ Көктенкөл стансасында іске асырылып жатыр.

Су құбыры желілерін салу және реконструкциялау жұмыстары олардың тозу деңгейінің жоғары болуына байланысты қолға алынған. Көптеген желілер ондаған жылдар бойы күрделі жөндеусіз пайдаланылып, апаттар мен су беру үзілістеріне, тұрғындардың шағымына себеп болып келген. Барлық жұмысты осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Бүгінде Қазақстанда елді мекендерді кезең-кезеңімен ауыз сумен қамтамасыз ету жоспары жүзеге асырылып жатыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегінше, Қарағанды қаласы тұрғындары ауыз сумен 99,4%, ал ауылдар халқы 97,9% қамтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу