Қайтыс болған баласы үшін 50 млн теңге сұрады

1084

Былтыр ақпан айында Железнодорожный тұрғын алабындағы ашық тұрған кәріз құдығына құлап, Бағдәулет Өмірхан есімді 13 жасар бала қайтыс болды. Полиция қызметкерлері мен волонтерлар марқұмның денесін бірнеше күннен кейін тапты. 

Қайтыс болған баласы үшін 50 млн теңге сұрады

Осыған қатысты "Астана су арнасы" облыстық канализация қызметінің басшысы Владимир Власенконың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтан қалалық соты кәріз құдығы қақпағының ашық қалуына жол берген Владимир Власенконы абайсызда кісі өліміне себепші болды деп 
айыптады. Ол қайтыс болған баланың анасына 4 млн теңге төлеуге, ал 
"Астана су арнасы" компаниясы моральдық шығын ретінде 6 млн теңге беруге міндеттелді. 

"Сот Владимир Власенконы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 104-бабының бірінші бөлігі бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тануға үкім шығарды. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 71-бабы 2-тармағының негізінде айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты оны қылмыстық жауаптылықтан босатсын, – деді судья Үбайдолла Қошанов.

Қайтыс болған баланың анасы сот үкімімен келіспеді. Ол соттан "Астана су арнасы" мекемесінің басқа да лауазымды тұлғаларын жауапқа тартуды және олардан 50 млн теңге көлемінде материалдық, моральдық шығын өндіріп беруді талап етті. 
Айта кетейік, "Астана су арнасы" бұған дейін марқұмның отбасына 2,3 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті. Жәбірленушіге баспанамен, жұмыспен қамтуды ұсынды. Алайда ол бас тартты. 

"Мен сот үкіммен келіспеймін. Судья заңсыз үкім шығарды, сот процесінің алғашқы күні маған және менің адвокатыма дөрекілік танытты. Бізді үнемі кесіп, тоқтатып тастап отырды. Сот өте асығыс өтті. Бізге судья сот процесінің алғашқы күнінде үкім шығаруға дайын болған сияқты болып көрінді, – деді марқұмның анасы Перизат Шынықбаева. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу