Қайтыс болған өрт сөндіруші Арслан Құрманбеков "Айбын" орденімен марапатталды

583

Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды.

Қайтыс болған өрт сөндіруші Арслан Құрманбеков "Айбын" орденімен марапатталды Фото: ҚР ТЖМ

Құтқарушы 8 мамыр күні қызметтік міндетін атқару кезінде, дәлірек айтсақ, Іле-Алатау ұлттық саябағында тау баурайындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz. Өрт сөндірушінің үстіне жанып жатқан ағаш діңі құлаған болатын.

"Қызметтік борышын атқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Арслан Жолдасбекұлы Құрманбеков ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталсын (марқұм)", – деп жазылған Жарлықта.

Арслан Құрманбеков 28 жаста еді. Азаматтық қорғау органдарында 2015 жылдан бері жұмыс істеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу