Қақтығыс болып жатқан Иран мен Израильде қанша отандасымыз бар?

110

Дипломаттар біздің азаматтармен тұрақты байланыста. 

Қақтығыс болып жатқан Иран мен Израильде қанша отандасымыз бар? Фото: gov.kz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израильдің арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуіне байланысты Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият бақылап отыр. Аталмыш елдердегі Қазақстан елшіліктері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр",  – деді СІМ ресми өкілі.

Иранда Қазақстанның 132 азаматы болса, Израильдегі отандастарымыздың саны – 219. Олардың қатарында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Айбек Смадияровтың сөзінше, дипломаттар біздің азаматтармен тұрақты байланыста.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу