Қала әкімдігі футбол матчына байланысты елорда тұрғындарына үндеу жолдады

487

Астаналықтар көлік кептелісін болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. 

Қала әкімдігі футбол матчына байланысты елорда тұрғындарына үндеу жолдады

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

“ЕУРО-2024 іріктеу турнирі 7 қыркүйек, яғни бейсенбі күні сағат 20:00-де өтеді. Бұл құрама командамыздың ЕУРО-2024 чемпионатына шығу үшін шешуші кездесулердің бірі. Қазірдің өзінде 30 мыңға жуық билет сатылып кетті. Стадион лық толы болады деп күтіліп отыр.
Ойын "Астана Арена" стадионында өтетіндіктен, Тұран мен Қабанбай батыр даңғылдарына көлік нөпірі шамадан тыс көп болуы мүмкін”, - делінген ақпаратта. 

Бұдан бөлек City Transportation Systems ЖШС матчтың өтуіне байланысты бірқатар қалалық және қала маңы бағдарлары ұйымдастырылатынын хабарлады.

“Матч аяқталған соң футбол көрермендерінің ыңғайлылығы үшін қосымша №№10, 12, 21, 26, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және № 303 қала маңы бағдарлары ұйымдастырылады”, - делінген хабароамада.

Қоғамдық көліктер жанкүйерлерді матчтан кейін Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамада күтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу