Қала басшылығы тұрғындары салық төлемеген бір көшені сатып жіберді

1107

Қала басшылығы тұрғындары салық төлемеген бір көшені сатып жіберді

Сан-Франциско қаласындағы қалтасы қалың бай-бағландар, әртістер мен саясаткерлер ғана тұратын Presidio Terrace элиталық аудан тұрғындары өздерінің көшесі ендігі жерде өздеріне тиесілі емесін біліп, естерінен танғандай болып отыр. Кейіннен белгілі болғандай, жергілікті үй қожайындары қауымдастығының өкілдері көп жыл бойы салық төлемей келген. Осыған байланысты қала билігі аталған көшені өзгелерге сатып жіберген. Бұл жайында Washington Post ақпарат көзі хабар таратты, деп жазады islam.kz.

Сан-Франциско билігі Presidio Terrace ауданындағы көшені 2015 жылдан бері сатуға қойған екен. "14,9 млн доллар - сенаторлармен және өкілдер палатасының өкілдерімен қоңсы қону үшін соншалықты қомақты ақша дей алмаймын", -  деп мәлімдеді осынау элиталық ауданда тұратын Тина Лам және Майкл Чен есімді ерлі-зайыптылар.

Presidio Terrace ауданы жасыл желекке бөленген аудан. Жергілікті үй қожайындары қауымдастығының өкілдері сонау 1905 жылдан бері салық төлемеген екен. Аталмыш көше тұрғындары жаңа қожайындарымен соттасуға дайындалып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу