Қала күнінде 47 нәресте дүниеге келді

2511

Ақтөбеде қала күнінде туған нәрестелердің 21-і – ұл, 26-сы – қыз.

Қала күнінде 47 нәресте дүниеге келді

Ақтөбедегі үш перзентханада қала күнінде 47 нәресте өмір есігін ашты, деп хабарлайды аktobenews.kz.

Жас босанған аналарды жергілікті әкімдік өкілдері перзентханаға арнайы барып құттықтады. Қала әкімдігі аналардың барлығына ауа тазартқыш аппаратын сыйға тартты.

"Кішкентай сәбилеріңіздің бауы берік болсын! Отбастарыңызға бірлік, ынтымақ тілейміз. Сіздер қала күнінде көпшілікке қуаныш сыйлаған анасыздар",– деді қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева.

Қала күнінде дүниеге келген сәбилердің арасында егіз де бар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қалада туған нәрестелердің 21-і – ұл, 26-сы –қыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу