Қала тұрғындарының саны бір жылда 1,8%-ға, ауылдықтардың саны 0,5%-ға өскен

2689

2020 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, еліміздегі жалпы адам саны 18,62 миллионға жеткен.

Қала тұрғындарының саны бір жылда 1,8%-ға, ауылдықтардың саны 0,5%-ға өскен

Жалпы қазақстандықтардың саны 2020 жылы 1,3%-ға артқан. Бұл туралы Finprom.kz басылымы хабарлады. 

Ресми дереккөзге сүйенсек, халықтың 58,5% қалада тұрады. 2020 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, еліміздегі жалпы адам саны 18,62 миллионға жеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 236,6  мың адамға немесе 1,3%-ға көп. Бірақ 33 мың тұрғын басқа елге қоныс аударған екен. 

Ең көп өсім Нұр-Сұлтан (+5,3%) мен Алматы (+3,3%) қалаларында тіркелген. Ал Солтүстік Қазақстан (−1%), Шығыс Қазақстан (−0,6%), Ақмола (−0,3%), Павлодар (−0,2%) және Қарағанды (−0,1%) облысында керісінше, қысқарған. 

Қала тұрғындарының саны ауылдықтардыкіне қарағанда қарқынды түрде артуда. Осы жылдың басында ҚР-да 10,89 миллион қалалық тіркелген: өткен жылғы көркеткіштен 1,8%-ға көп. 

Шаһар тұрғындарының азаюы үш аймақта байқалып отыр: Алматы (−1,3%), Павлодар (−0,2%) және Ақмола (−0,05%) облыстары. 

Ауыл тұрғындарының қатары 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,5%-ға өсіп, 7,74 миллионға жеткен. Олар жалпы халықтың 41,5% құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу