"Қалған жазаны айыппұлмен алмастырып": Кәрім Мәсімовтің үш орынбасарының бірі босап шықты

1316

Қаңтар оқиғасы бойынша Мәсімовпен бірге сотталған ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов бостандыққа шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты nege.kz порталына сілтеме жасап.

"Қалған жазаны айыппұлмен алмастырып": Кәрім Мәсімовтің үш орынбасарының бірі босап шықты Фото: nur.kz

Марат Өсіпов – Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасары.

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары Дәулет Ерғожин, Әнуар Садықұлов және Марат Өсіпов 2022 жылдың қаңтарында оларға билікті күштеп басып алу, қызметін асыра пайдалану және мемлекетке опасыздық жасау баптарымен қылмыстық іс қозғалған.

Марат Өсіпов қылмыстық кодекстің 362-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Мәсімов орынбасарларының ішінде тергеуге көмектескені үшін ең аз жазаны Марат Өсіпов алған.

Жаза мерзімінің біраз бөлігін өтеген бұрынғы қауіпсіздік қызметкері қалған жазаны айыппұлмен алмастырып, бостандыққа шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу