Калифорниядағы өрт 34 мың гектар жерді шарпыды

135

АҚШ-тың Калифорния штатында бірнеше аймақта тұтанған орман өрті 34 мың гектарға жуық аумақты күлге айналдырды. 

Калифорниядағы өрт 34 мың гектар жерді шарпыды Фото: РИА Новости

Калифорнияның Орман шаруашылығы және өртпен күрес департаментінің (Cal Fire) мәліметінше, 2 шілдеде Сан-Луис-Обиспо округінде басталған Madre өртінің аумағы 32 мың гектарға жетіп, қазіргі таңда оның 35 пайызы бақылауға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ал Риверсайд округінде 29 маусымда тұтанған өрт 1 000 гектар жерді шарпыған. Бұл өрттің 95 пайызы ауыздықталған.

Бұдан бөлек, Риверсайдтан тыс орналасқан Сискию мен Шаста округтерінде Green, Butler және Marble Complex атты үш өрт ошағы тіркелген. Олар жалпы 674 гектар аумаққа таралған. Олардың ішінде тек Marble Complex өртінің 5 пайызы ғана бақылауға алынып отыр, қалғандары әлі де жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу