Қазіргі таңда нысанда соңғы құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әкімдік мәліметінше, станцияның құрылыс дайындығы 99%-ға жеткен. Нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаеваның айтуынша, жаңа метро бекеті аудан тұрғындарының қала орталығына және Алматының басқа бөліктеріне қатынауын жеңілдетеді.
Алдағы уақытта метро желісін "Барлық" базары бағытына қарай ұзарту жоспарланған. Бұл учаскеде тағы үш станция салынбақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу