Ол Наурызбай ауданына жұмыс сапары барысында "Қалқаман" жаңа метро бекетін көріп шыққанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Қазір бекітілген кестеге сәйкес іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бекеттің айналасы кешенді түрде көркейтіліп, 400-ге жуық көлікке арналған автотұрақ салынды.
Бекетті 1 желтоқсанға дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл – қаланың көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам. Алдағы 3 жылда батыс бағытта тағы үш бекет салу қажет.
Сондай-ақ Абай даңғылын Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзарту жұмыстарының барысын көрдім. Қазір қала шекарасынан Райымбек ауылындағы Сүйінбай көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы ашылды. Қалған 600 метрге жуық жол учаскесінің құрылысы жалғасып жатыр. Жобаны толық аяқтап, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына шығатын жолайырықтарды салу үшін бірнеше жер телімін сатып алу қажет. Бұл мәселе Алматы облысы әкімдігінің құзыретіне жатады, – деді шаһар басшысы.
Жаза кетейік, аталған 2 жобаның да Алматы агломерациясының тұрғындары үшін маңызы зор саналады.