Кальян шегуге рұқсат беретін мейрамханаларға салынатын айыппұл өседі

382

Қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынған. 

Кальян шегуге рұқсат беретін мейрамханаларға салынатын айыппұл өседі Фото: cigarclanshop.ru

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға келетін болсақ, оларға басқа нормалар қолданылады. Олар да дәстүрлі темекілер секілді реттеліп отырады. Оны қоғамдық орындарда тұтынуға тыйым салынады, әкімшілік айыппұл қарастырылған", - деді спикер. 

Министрлік өкілінің сөзінше, қоғамдық орындарда кальян тұтынуға тыйым салынғанымен, барлар мен мейрамханалар мұны ескермей келеді.

"Сондықтан да Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекс аясында осы норма үшін айыппұл сомасын арттыру мәселесін пысықтап жатырмыз. Бүгінгі заңнама тұтынушыға қатысты ғана шараның қолданылуын реттейді, бірақ бұл темекі бұйымдарын тұтынуға жол беріп отырған рестораторлар мен кәсіпкерлерге нормалар жоқ. Сол себептен Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекс шеңберінде жауапкершілікті күшейту бойынша ұсыныстар енгізілді. Сондай-ақ айыппұл сомасы да, рестораторлар мен кәсіпкерлерге қатысты норма да күшейетін болады", - деп түсіндірді ол.

Гүлнар Сәрсенбаева айыппұл сомасын арттыру бойынша мәселе әлі пысықталып жатқанын айтты. 

Айта кету керек, осыған дейін Сенат вейпке қатысты заңды Мәжіліске қайтарғаны жазған болатынбыз. Заңның жекелеген баптары мақұлданбады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу