Үкімет кальян бизнесін лицензиялаудан жылына 50 млрд теңге түсіруді жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты naryk.kz порталына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Қаржы министрлігі кальян бизнесін толық тыйым салудың орнына лицензиялау қажет деген ұстанымды қолдайды. Себебі қоғамдық орындарда кальян шегуге қатысты қатаң шектеулер іс жүзінде күткен нәтиже берген жоқ.
"Оларды лицензиялау керек деп санаймыз, өйткені олар бәрібір жұмыс істеп жатыр. Сондықтан лицензиялық төлемдер арқылы бюджетке түсім түсірген тиімді. Біздің есептеуімізше, заң қабылданса, бюджетке қосымша шамамен 50 млрд теңге түседі", – деді министр.
Министрдің пікірінше, бұл тәсіл мемлекетке нарықты бақылауды күшейтіп, көлеңкелі айналымды азайтуға және қосымша кіріс алуға мүмкіндік береді.