Коммуналдық қызмет тәулік бойы қызмет көрсету режиміне көшті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Екі тәуліктен бері тоқтаусыз қар түсіп, қалыңдығы жарты метрден асып кетті. Салдарынан шаһардағы көлік қатынасы біраз қиындап қалды. Соқтығысқан көліктер, жолдан шыққан автобустар бар.
Ал коммуналдық қызмет мамандары түні бойы көше тазалығымен және сынған ағаштарды жинаумен айналысып жатыр.
Көшелерді омбы қардан тазалау үшін 80-нен аса арнайы техника мен 500-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған.
Ал, аудандық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстауға 10 мердігерлік ұйым жауапты. Бұл бағытта 93 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу