"Қалың тұман басады": Синоптиктер 12 қарашаға арналған болжамды жариялады

531

Кей өңірлерлерде жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін.

"Қалың тұман басады": Синоптиктер 12 қарашаға арналған болжамды жариялады Фото: gov.kz

Алдағы тәулікте еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгін Шымкент қаласында тұман күтіледі. Астанада жаңбыр аралас қар жауса, Алматы қаласына тұман түседі. Түнде ауа температурасы 0 және -2 градус, күндіз +5–7 градус аралығында сақталады.

Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28, түнде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

12 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Бүгін түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-18 м/с.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман.

Ақмола облысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу