"КАМАЗ" Қазақстанда автомобиль өндірісіне инвестиция салмақ

708

Бұл туралы компанияның бас директоры Сергей Когогин айтты.

"КАМАЗ" Қазақстанда автомобиль өндірісіне инвестиция салмақ

Үкімет үйінде ҚР премьер-министрі Асқар Мамин "КАМАЗ" компаниясының бас директоры Сергей Когогинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында Қазақстан аумағында автомобильдер мен арнайы техника өндірісі бойынша компаниямен ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелері талқыланды.

Сергей Когогин ҚР премьер-министрін Қазақстан аумағында "КАМАЗ" Инжиниринг" бірлескен кәсіпорнымен автомобиль техникасын өндіру туралы ақпараттандырды. Өндірілетін өнім көлемін арттыру, жергіліктендіру деңгейін жоғарылату туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Асқар Мамин ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Қазақстанда "КАМАЗ"-дың жекелеген тораптары мен компоненттерін шығару үшін өнеркәсіптік кооперация мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Өз кезегінде Сергей Когогин "КАМАЗ" компаниялар тобы қазақстандық серіктестерімен бірге осы өндіріске инвестиция салуға ниетті екендігін хабарлады.  

"КАМАЗ" компаниялар тобы – Ресей Федерациясының ірі автомобиль корпорациясы. Өндірістік қуаттылығы жылына 71 мың автомобильді құрайды. Ростех мемлекеттік корпорациясының құрамына кіреді.

2005 жылы "КАМАЗ" корпорациясы "КАМАЗ-Инжиниринг" ААҚ компаниясын құрды, онда акциялардың 25% "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ-ға тиесілі. Зауыттың жобалық қуаттылығы: жылына 1500 машина. 209 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтылған.

Осы жылдары зауыт 114 млрд-тан астам теңгеге 12,5 мыңнан астам автокөлік және арнайы техника шығарды. Олар бүгінде Қазақстан экономикасының түрлі салаларында, сондай-ақ күш құрылымдарында, жол құрылысында, ауыл шаруашылығында және т.б.  пайдаланылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу