Камчаткада тағы да жер сілкінді

127

Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің Камчатка филиалы хабарлады.

Камчаткада тағы да жер сілкінді Фото: РБК

Камчаткада 5,5 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сейсмологтердің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 65,3 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жерасты дүмпулері Петропавловск-Камчатский қаласынан 275 км қашықтықта болған.

Әзірге жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.

Еске салсақ, шілденің аяғында Камчатка тарихында ең күшті жер сілкінісі тіркелді. Оның магнитудасы 8,7-ге жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу