Камчаткада бір сағаттың ішінде 8 рет жер сілкінді

180

Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,5 пен 6,7 аралығында болды.

Камчаткада бір сағаттың ішінде 8 рет жер сілкінді Фото: Москва 24

Камчаткадағы Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің филиалы Telegram-арнасында түбек жағалауында бірқатар жер сілкінісі болғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

30 шілдеде Камчатка өлкесінде 1952 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі тіркелді. Түрлі мәліметтерге сәйкес, оның магнитудасы 8,7-ге жеткен. Солтүстік Курильсктің жағалау аймағына цунами соққы берді. Сонымен қатар, тынықмұхиттық аймақтағы бірқатар елдерде цунами қаупі жарияланды.

Чилиде толқындардың биіктігі 2,5 метрге дейін жетті. Жапонияда шамамен 2 миллион адамға эвакуациялануға жөнінде кеңес берілді. Гавай аралдарында 1,2 метрге дейінгі толқындар тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу