2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Кәмелетке толмаған балаларды "өлтіруге оқталды"

1225

Қызылорда облысында үш жасөспірімді "өлтіруге оқталған" күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz  облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кәмелетке толмаған балаларды "өлтіруге оқталды"

"Полицейлер күдіктілерді ізін суытпай ұстады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі 99-бабының 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деп хабарлады полиция.

Оқиға 15 желтоқсан күні сағат 18:00-де Қармақшы ауданы Төретам кентінде болған.

"Нәтижесінде үш кәмелетке толмаған бала мылтықтан жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді", – деді құқық қорғау органдары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу