Кәмелетке толмаған баланың банк шоты заңсыз бұғатталған

223

Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдеді.  

Кәмелетке толмаған баланың банк шоты заңсыз бұғатталған Фото: ratel.kz

Егіндікөл ауданында аудан прокуроры Азамат Аяғановтың жеке қабылдауына келген тұрғын банктік шоттарының жеке сот орындаушысы тарапынан бұғатталғанына шағымданған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында шектеу шаралары салдарынан оның кәмелетке толмаған қызының да банктік шоты бұғатталғаны анықталды. Соның кесірінен бала мектеп асханасындағы тамақтану ақысын төлей алмаған.

Прокурордың жедел араласуынан кейін бұзылған құқықтар қалпына келтіріліп, кәмелетке толмаған баланың шотынан барлық шектеулер алынды.

Өтініш иесі көрсетілген көмек үшін облыс прокурорының атына алғыс хат жолдаған. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, азаматтарды жеке қабылдау олардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерінің бірі болып қала береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу