Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол тиіспеушілікке қарсы қылмыстар саны азайды - ІІМ

704

Биыл бұл қылмыстар саны 22,7%-ға азайды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz. 

Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол тиіспеушілікке қарсы қылмыстар саны азайды - ІІМ Фото: ortcom.kz

"Соңғы 10 жылда қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған құқық бұзушылықтар саны жыл сайын 1 мыңнан астам дерекке азайып отырғаны байқалады. 2013 жылдан бастап бұл қылмыстардың саны 4 есеге кеміді. 2013 жылы осындай 8966 жағдай тіркелсе, жыл басынан бері 1920 дерек болды. 2022 жылы кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар саны биыл 22,7%-ға азайды" - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу