Қамшыбек Ташиевтің інісі 16 мамырға дейін қамауда болады

413

Адвокаттар сот шешіміне шағымданбақ.

Қамшыбек Ташиевтің інісі 16 мамырға дейін қамауда болады Фото: thediplomat.com

Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты Шайырбек Ташиев 16 мамырға дейін қамауға алынды. Бұл туралы "Кабар" агенттігіне Бішкек қаласының Бірінші май аудандық соты мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті басылымға сілтеме жасап.

БАҚ-тың хабарлауынша, 2 сәуірде өткен сот отырысында Шайырбек Ташиевті бір ай мерзімге №1 тергеу изоляторына қамауға алу туралы шешім қабылданған. Бұған дейін елдің Ішкі істер министрлігі бұрынғы депутаттың "Қырғызмұнайгаз" компаниясындағы сыбайлас жемқорлық ісі аясында ұсталғанын хабарлаған еді.

24.kg агенттігінің жазуынша, Ташиев өз кінәсін мойындамады. Бұл туралы оның адвокаты Жырғал Бабаев мәлімдеді. Оның айтуынша, айыптау тиісті деңгейде негізделмеген, сондықтан қорғау тарапы сот шешіміне шағымданбақ. Сондай-ақ Бабаев экс-депутаттан жауап алынып, ол тергеудің барлық сұрағына жауап бергенін жеткізді. Қазір қамауда ұстау жағдайына қатысты шағым түскен жоқ.

Айта кету керек, бұған дейін Жогорку Кенештің экс-депутаты Шаирбек Ташиев ұсталғанын жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу