Қамыс өртінен кейін Атырауды қалың түтін басты

231

Бүгін Атырау маңындағы "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватынан өрт шығып, өрт сөндірушілерді біраз әуреге салды. Қазір қалада күйік иісі сезіліп, қалың түтін басқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қамыс өртінен кейін Атырауды қалың түтін басты Фото: Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Дамба ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватындағы қамыс алқаптарынан шыққан. Жалын аумағы 280 гектарға жетеді. Оның 200 гектары өздігінен сөнсе, тағы 50 гектар жердегі өртті құтқарушылар мен резерват қызметкерлері сөндірді.

Қалған 30 гектар аумақта өртті сөндіру түс кезінде де жалғасып жатқаны мәлім болды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы жұмыс істейді. Түнде жалын таралмас үшін минералданған жолақтар салынған.

Өрт сөндіруге "Ақжайық" резерватынан екі трактор жұмылдырылған. Сондай-ақ, Атырау облысы ТЖД-ның 85 қызметкері мен 13 техникасы, резерваттан 25 адам, 10 техника және 2 жүзу құралы жұмылдырылды. Ведомство елді мекендерге қауіп жоқ екенін атап өтті. Алайда батпақты жер мен қамыстың қалың өскені жұмысты едәуір қиындатып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу