"Қан ба?: Шымкенттегі Қошқар ата өзеніне белгісіз қызыл сұйықтық төгілді

148

Сараптама қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары кінәлілерді анықтап, жауапқа тартпақ. 

"Қан ба?: Шымкенттегі Қошқар ата өзеніне белгісіз қызыл сұйықтық төгілді Фото: бейнеден скриншот

Қошқар ата өзеніне белгісіз қып-қызыл сұйықтықтың ағып келіп жатқанын қала тұрғыны видеоға түсіріп алған. Автордың айтуынша біреу мал сойып, қанын бұлақ суына ағызып жіберген болуы да мүмкін. Қазіргі таңда экологтар судан сынама алып, сапасын тексеріп жатыр.

"Қан ба, бояу ма әлі нақтыланған жоқ. Зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кез келген өзендерге түсетін жаңбыр, қар суларына тазалау қондырғыларын қою керек. Әкімшіліктің алған өз міндеттемесі бар", - деді БАҚ өкілдеріне сұхбат берген қалалық экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев.

Ал, Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі тұрғындар тарапынан әлі ешқандай шағым түспегенін айтып өтті. Сондай-ақ зертханалық тексерудің нәтижесі бойынша кінәлілер жауапқа тартылатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу