Канада ДНР мен ЛХР-ды мойындағаны үшін Ресейге санкция енгізеді

969

Шектеулер Украинаның аумақтық тұтастығы қалпына келтірілілмейінше өзгеріссіз қалады.

Канада ДНР мен ЛХР-ды мойындағаны үшін Ресейге санкция енгізеді

Канада билігі Ресейдің Донецк және Луганск халық республикаларын мойындау туралы шешімінен кейін Еуропадағы әскерін күшейтеді. Бұл туралы Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бүгін Канада одақтастары және серіктестерімен келісе отырып Ресейге қарсы бағытталған экономикалық санкциялардың бірінші кезеңін жариялады. Біз канадалықтарға ДХР және ЛХР-мен кез-келген қаржылық байланыс орнатуға тыйым саламыз, бұларды тәуелсіз деп тану туралы заңсыз шешім қабылдау үшін дауыс берген Ресей парламентінің мүшелеріне санкциялар енгіземіз, Ресейдің екі мемлекеттік банкіне қосымша санкциялар салып, олармен кез-келген қаржылық операциялар жүргізуге тыйым саламыз", – деді ол.

Трюдоның айтуынша, санкциялар Украинаның аумақтық тұтастығы қалпына келтірілмейінше өзгеріссіз қалады. Вице-премьер Христя Фриландтың сөзінше, Канаданың санкциялары Ресей халқына емес, президент Владимир Путинге және егеменді демократияға қауіп төндіріп отырған  оның қасындағы адамдарға қарсы бағытталған.

Сонымен қатар Канада билігі Ресейдің ДХР мен ЛХР-ды мойындау туралы шешімінен кейін Еуропадағы әскерилерінің санын арттыратын болды.

Еске сала кетсек, 21 ақпанда Ресей Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындады. Ресми Мәскеу олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойды.

Табиғат Нұрболат

Фото: perild.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу