Осылайша, Вашингтон Еуропамен сауда қатынасын шектеуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ескере кетерлігі, Дональд Трамп бұл қадамға Канада Еуропалық одаққа (ЕО) қауымдастырылған мүше болған жағдайда ғана барады.
Оның сөзінше, АҚШ жоғары тарифтер енгізуден қорықпайды. Әрі Еуропамен бірқатар тауар бойынша саудаға тыйым салынбақ.
– Егер олар мұны жасаса, өте жоғары тарифтер енгіземін немесе Еуропамен көптеген тауар бойынша сауданы тоқтатамын, – деді Трамп.
Осыған дейін Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Канадаға ЕО-ның алғашқы қауымдастырылған мүшесі мәртебесін беру мүмкіндігін қарастыру жұмыстары басталғанын хабарлаған еді. Десе де, мұндай мәртебенің нақты шарттары, соның ішінде "Канадаға ЕО институттарында дауыс беру құқығы беріле ме?" деген мәселе әлі түпкілікті шешілмей келеді.
Қазіргі уақытта АҚШ пен Канада арасындағы сауда және тариф мәселелеріне қатысты келіспеушіліктер де жалғасып жатыр.