Канада мен Франция Украинаға көмек көрсетуге наразы

358

Канада мен Парижде Украинаға қатысты наразылық акциялар өтті. 

Канада мен Франция Украинаға көмек көрсетуге наразы Фото: img3.eadaily.com

Демалыс күндері Париж бен Галифаксте НАТО әректіне әрі Украинаға қаржылай көмекке қарсы наразылық акциялары өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Украинаға қару-жарақ жеткізуге және Канаданың НАТО-дан шығуын қолдауға наразылық Галифакста (Жаңа Шотландия провинциясы) өтті. Бұл туралы жексенбіде CTV хабарлады.

Репортажда наразылық білдірушілер "Соғысқа емес, бейбітшілікке демеушілік жасаңыз" немесе "НАТО құрысын" деген ұрандар жазылған плакаттар ұстағанын көруге болады. Сонымен қатар олар бейбіт келіссөздер қазіргі әскери қақтығыстың жалғыз шешімі деп мәлімдеді.

Дәл сондай ұранмен Францияның НАТО-дан шығуын қолдаған француздар шеруі жексенбіде Парижде аяқталды. Бұл туралы оқиға орнынан ТАСС тілшісі хабарлады.

Наразылық білдірушілер колоннасы астананың бесінші ауданындағы "Порт-Руаяль" метро станциясынан Севастополь бульвары арқылы Луврге дейін - тарихи қала орталығына жетті.

Олардың арасында акцияны ұйымдастырушы, Францияның "Патриоттар" партиясының жетекшісі және бұрынғы Еуропарламент депутаты Флориан Филиппо болды.

Шеруге қатысушылар сонымен қатар Франция президенті Эммануэль Макронды отставкаға кетуге шақырды.

Шеру басталар алдында Филиппо наразылық акцияларына республиканың 29 қаласынан адамдар шыққанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу