Канада Украинаға бірнеше миллион доллар тұратын қару жібереді

762

Сонымен қатар Киевке тағы да кредит берілді. 

Канада Украинаға бірнеше миллион доллар тұратын қару жібереді

Канада билігі Украинаға 6,1 миллион доллар тұратын қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жібереді. Бұл туралы елдің Премьер-Министрі Джастин Трюдо мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сонымен қатар саясаткер Украинаның экономикалық тұрақтылығын сақтау үшін 500 миллион канадалық доллар көлемінде (шамамен 390 миллион доллар) қосымша кредит беретінін жариялады. Қаңтар айында Киевке 120 миллион канадалық доллардай кредит бөлу мақұлданған еді.

Бұған дейін Украина Президенті Владимир Зеленский Джастин Трюдомен телефон арқылы сөйлескен болатын. Мемлекет басшылары Украинадағы шиеленісті шешуге қатысты дипломатиялық әрекеттерді талқылады. Зеленский Трюдоға қаржылай көмек көрсеткені үшін алғысын айтты.

Табиғат Нұрболат

Фото: Украинаның қорғаныс министрлігі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу