Канадада 550 жолаушысы бар ұшаққа найзағай түсті

415

Ұшаққа найзағай түскен сәттің видеосы желіде кең тарап кетті. 

Канадада 550 жолаушысы бар ұшаққа найзағай түсті Фото: видеодан алынған кадр

Ванкуверден Лондонға бағыт алған Air Canada авиакомпаниясының Boeing 777-300 ұшағына найзағай түсті. Бортта 550 жолаушы болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

СityNews басылымының мәліметінше, лайнерге орнатылған найзағайға қарсы арнайы жүйенің арқасында ұшақ ішіндегілер апаттан аман қалған. Бұл жайттан кейін  ұшақ ұшуын жалғастырып, Хитроу әуежайына қонды. 

"Ұшақ Ванкувер халықаралық әуежайынан көтерілгеннен кейін көп ұзамай найзағай соқты", - деп жазды аталған басылым.

Ұшаққа найзағай түскен сәттің видеосы желіде кең тарап кетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу