Канадалық ақын Энн Карсон әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын алды

692

76 жастағы Энн Карсонның жарық көрген 20-ға жуық кітабы бар. 

Канадалық ақын Энн Карсон әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын алды Фото: Jay Dixit / Carson in 2024

Канадалық ақын әрі жазушы Энн Карсон 2026 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шешім Стокгольмде жарияланды. Нобель комитеті Энн Карсонның шығармашылығын батылдығы мен жаңашылдығы, сондай-ақ классикалық әдеби дәстүрмен үндесе отырып, жаңа әдеби формалар қалыптастырғаны үшін жоғары бағалаған.

76 жастағы Энн Карсонның жарық көрген 20-ға жуық кітабы бар. Оның шығармашылығы бұған дейін де әдебиет сыншылары тарапынан жоғары бағаланып келген.

Жазушының марапаттары қатарында Пушкарт, Гриффин, Т. С. Элиот және Астурия ханшайымы сыйлықтары, сондай-ақ Канада ордені бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу