Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға себеп болған әрбір лауазымды тұлға заң алдында ең қатаң түрде жауап береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиға салдарынан 12 әскери қызметші қаза тауып, үшеуі құтқарылды.
Тағы 2 әскери қызметшінің тағдыры әзірге белгісіз, оларды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Құзырлы органдар оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғаған.
"Тергеу барынша мұқият, жан-жақты әрі қысқа мерзімде жүргізіледі. Қайғылы оқиғаға себеп болған әрбір лауазымды тұлға заң алдында ең қатаң түрде жауап береді", – деді Үкімет басшысының орынбасары.
Мемлекет қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық және өзге де қажетті көмек көрсетеді. Қанат Бозымбаев тергеу барысы мен отбасыларға қолдау көрсету жұмыстарын жеке бақылауында ұстайтынын айтты.