Қанат Бозымбаев: Тағы бір мұнай өңдеу зауытын салу қажет

790

Қанат Бозымбаев: Тағы бір мұнай өңдеу зауытын салу қажет

Қазақстанда тағы бір мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев болашаққа жоспармен бөлісіп, осындай қажеттіліктің туындап отырғанын жеткізді. Себебі 2022 жылы жанармайға деген сұраныс артады. Сондықтан импортпен ішкі нарықты қамтамысыз ету мен құрылыс жұмыстарын бастау үшін арнайы жұмыс тобы түзіліп, зерттеу жүргізуге кіріскен.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, еліміздегі жұмыс істеп тұрған 3 мұнай өңдеу зауытының қуаты алдағы уақытта нарықты толығымен қамтамысыз етуге жетпейді. Сол себепті келесі жылдан бастап, Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауытын салуға дайындық жұмыстары басталуы тиіс. Қазір құрылыс жұмыстарына инвестор тарту жағы да қарастырылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу