Қанат Бозымбаев жаңа қызметке тағайындалды

1706

Ол ҚР Энергетика министрі қызметінен босатылды.

Қанат Бозымбаев жаңа қызметке тағайындалды

Қанат Бозымбаев ҚР Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды: 

Қ.А.Бозымбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындау туралы

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының

     Президенті                                                  Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы  18  желтоқсан

№ 216

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылдың 8 қаңтар күні Алматы қаласында туған.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 ж. бітірген, экономист. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.

1993 ж. – жекеменшік компанияның экономисі.

1994 ж. – Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.

1997 ж. – Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, "Мұнайды тасымалдау жөніндегі "ҚазТрансОйл" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.

1998 ж. тамызынан – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің бастығы.

2000 ж. наурызынан – Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

2001 ж. қаңтарынан – "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті.

2001 ж. мамырынан – "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының президенті.

2003 ж. наурызынан – Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы директорлар Кеңесінің төрағасы.

2007 ж. тамызынан – "Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингі" Акционерлік Қоғамы басқармасының төрағасы.

2009 ж. 30 қарашадан – Жамбыл облысының әкімі.

2013 ж. желтоқсаннан – Павлодар облысының әкімі.

25.03.2016 жылдан бастап – Қазақстан энергетика министрі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу