Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа жіберді (Видео)

1904

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) АҚШ-тың Флорида штатындағы Майамиде өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа жіберді (Видео)

Бастапқыда Қанат Ислам ганалық Ободаи Саимен (35-3-1, 26 КО) жұдырықтасуы тиіс болған.

Алайда белгісіз себептермен африкалық боксшының жекпе-жекке қатыспайтыны анықталып, оның орнына эквадорлық Джейсон Минда (14-3-1, 8 КО) шаршы алаңға шығатыны белгілі болған еді.

Сонымен КОТV платформасында тікелей эфирден көрсетілген жекпе-жек 10 раундқа созылуы тиіс болатын.

Алайда айқас барысында Қанат Исламнан екі рет нокдаун алған Джейсон Минда жетінші раундта нокаутқа түсіп қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу