Қанат Мусин "екінші республика" ұғымына түсінік берді

1056

Әділет министрі Қанат Мусин Президенттің "екінші республика" сөзіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қанат Мусин "екінші республика" ұғымына түсінік берді

Оның айтуынша, бүгінде саяси лексиконға "екінші республика" деген жаңа сөз енді.

"Бұл – өте маңызды сөз. Оның мағынасы мемлекеттік құрылымның өзгерту мен жаңа саяси модельге көшу дегенге саяды. Бұл – супер президенттік басқару формасынан мықты парламенті бар президенттік формаға өтудің нақты образы. Оған Президент атаған реформалар арқылы жетеміз деп сенемін", – деді министр.

Айта кетейік, осыған Мемлекет хатшы Ерлан Қарин "екінші республика" сөзін түсіндірген еді.

Еске салайық, биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтағанда "екінші республика" деген жаңа анықтаманы пайдаланған еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу