Қанат Мусин Конституциялық Соттың судьясы болып тағайындалды

Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Конституциялық Соттың судьялары тағайындалды, деп inbusiness.kz.  

Қанат Мусин Конституциялық Соттың судьясы болып тағайындалды Фото: primeminister.kz

Парламенттің әр палатасы Конституциялық Соттың үш судьясын қызметке тағайындайды.

Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Конституциясының 58-бабы 3-тармағының 7)-тармақшасына сәйкес, ҚР Конституциялық Сотының судьясы лауазымына Қанат Сергейұлы Мусинді, Еркін Әнуарұлы Оңғарбаевты және Сергей Федорович Ударцевті тағайындау туралы ұсыныс енгізілді.

"Қанат Сергейұлы Мусинді өздеріңіз жақсы білесіздер, құқықтық қорғау, әділет органдарында көп жыл еңбек етті, Парламент Мәжілісінің депутаты, комитет төрағасы болды. Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев әйгілі ғалым, заң ғылымдарының докторы, конституциялық реформа бойынша жұмыс тобының мүшесі. Қазіргі уақытта Еуразия Ұлттық университетінің проректоры. Сергей Федорович Ударцев те атақты ғалым, заң ғылымдарының докторы, конституциялық реформа бойынша жұмыс тобының мүшесі. Бұрын Конституциялық Соттың судьясы болған. Қазіргі таңда М.С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университетінің ғылыми зерттеу институтының директоры. Аталған кандидатураларды қарау нәтижелері бойынша Комитет оң қорытынды әзірледі", – деді депутат Арман Қожахметов.

Мәжіліс депутаттары аталған адамдарды Конституциялық Сотының судьясы қызметіне тағайындау туралы ұсынысты қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу