Қанат Шарлапаев тағы бір қызметімен қоштасуға мәжбүр болды

Ол енді "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының Директорлар кеңесінің мүшесі емес.   

Қанат Шарлапаев тағы бір қызметімен қоштасуға мәжбүр болды Фото: Аскар Ахметуллин

Аталған шешім оның ел Президентінің экономика мәселелері жөніндегі көмекшісі қызметінен босатылуымен тікелей байланысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қыркүйекте тиісті жарлыққа қол қойған еді. 

Айта кетейік, ол Директорлар кеңесінің құрамында 2025 жылдың сәуірінен бері болды. Шарлапаев кеткен соң кеңесте алты адам қалды. Олар – ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов, тәуелсіз директор Болат Жәмішев, Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және үш шетелдік тәуелсіз директор – Лука Сутера, Вонг Хэн Файн, Мохаммед Джамиль Әл Рамахи.

Қанат Шарлапаев 2025 жылдың ақпанына дейін ҚР Индустрия және құрылыс министрі (2023 жыл, қыркүйек айы), одан бұрын "Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы әрі директорлар кеңесінің мүшесі (2022 жылдан 2023-тің қыркүйегіне дейін) болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу