Қандай министрліктер бюджет қаражатын игере алмады?

787

2022 жылдың 7 айында министрліктер 31,4 млрд теңге бюджет қаражатын игермеді, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Қандай министрліктер бюджет қаражатын игере алмады?

Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Білім және ғылым (3918 млн тг), Ішкі істер (3912,9 млн тг), Қаржы (2313,5 млн тг), Төтенше жағдайлар (1377,5 млн тг), Ақпарат және қоғамдық даму (926,3 млн тг) министрліктерінде байқалды.

Оның негізгі себептеріне шарттар жасасу рәсімдерін ұзақ уақыт жүргізу, атқарылған жұмыс актілері, шот-фактураларды, төлем шоттарын уақытында ұсынбау, нақты көрсетілген қызметтер көлемі үшін ақы төлеуді жүргізу, есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы жатады.

Биыл бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға республикалық бюджет шығыстарының сомасы 18,8 трлн теңгеге жоспарланған. Қаңтар-шілде айларында мемлекеттік бюджеттің шығыстары 10,1 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,5%-ға артық.

Атқарылмау 41 млрд теңгені құраған, оның ішінде бюджет қаражатын үнемдеу – 9,6 млрд теңге, игерілмегені – 31,4 млрд теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу