Қандастарды балағаттаған павлодарлыққа қатысты тергеу басталды

669

Қандастарға тіл тигізген Павлодар тұрғынына айыппұл салынып, сотқа дейінгі тергеу басталды деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Қандастарды балағаттаған павлодарлыққа қатысты тергеу басталды Фото: nastya_brovkapvl instagram әлеуметтік желісі

"2023 жылғы 1 мамырда Инстаграмдағы әлеуметтік желілердің мониторингі барысында @nastya_brovkapvl парақшасында бейнежазба жарияланып, онда азамат  әлеуметтік желіде балағат сөздер айтып, Моңғол халық Республикасынан келген қандастарға теріс сөз сөйледі. Бұл факт Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Құқық бұзушының жеке басы анықталды", - деп жазды Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы Роман Скляр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Белгілі болғандай, ол 27 жастағы павлодарлық қыз болып шықты. Павлодарлыққа қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 174-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптама тағайындалды.

Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі балағат сөздер үшін бұл азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал сотта қаралды, онда бұзушыға 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес "адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу