Қандастардың "Асар" бірлестігі өз кандидатын президенттікке ұсынды

584

Тағы бір үміткер Хайролла Ғабжалилов Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қандастардың "Асар" бірлестігі өз кандидатын президенттікке ұсынды

11 қазанда Орталық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Хайролла Мағауияұлы Ғабжалилов құжат тапсырды.

Оның кандидатурасын "Оралмандардың "Асар" бірлестігі" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынып отыр.

Тапсырылған құжаттар қатарында:

1. "Оралмандардың "Асар" бірлестігі" республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

2. Хайролла Ғабжалиловтің президенттікке кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу