Канн фестивалінде Қазақстанның павильоны ашылды

468

Отандық павильон 16 мамырдан бері келушілерді қабылдап жатыр. 

Канн фестивалінде Қазақстанның павильоны ашылды Фото: google.com

23 мамыр күні Франциядағы 76-шы халықаралық Канн фестивалінде отандық павильонның салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп жазады Inbusiness.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, павильонның ашылу салтанатында Мәдениет комитеті кинематография бөлімінің басшысы Ғани Мұратов, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Қазақстанның Халық әртісі Айман Мұсаходжаева және актриса Самал Еслямова қатысты. 

Кинопавильон киіз үй ретінде құрылған.

Ғани Мұратовтың сөзінше, жалпы кинонарықта жиырмадан астам елдің киноиндустрия өкілдері қатысып жатыр. Кинофестивальде 200-ден аса кинопродюсер бақ сынамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу