Қант диабеті мен ДЦП әлеуметтік мәні бар аурулар тізімінен шығарылды

122

Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне өзгеріс енгізді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қант диабеті мен ДЦП әлеуметтік мәні бар аурулар тізімінен шығарылды Фото: proregion24.by

Жаңартылған тізімге енген ауру түрлері:

– туберкулез,
– АИТВ (ВИЧ) инфекциясы,
– созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы,
– қатерлі ісіктер,
– психикалық және мінез-құлық бұзылыстары,
– жедел миокард инфаркті (алғашқы алты ай ішінде),
– сирек (орфандық) аурулар,
– жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары,
– орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялық аурулары,
– эпилепсия,
– цереброваскулярлық аурулар (инсульттер) – бір жыл бойы.

Бұған дейін бұл тізімде қант диабеті, ревматизм және балалардың церебралды сал ауруы (ДЦП) болған еді.

Жаңартылған бұйрық 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу